Жастарға дін тақырыбы терең түсіндірілді
Жастар жалған теологиядан аулақ жүрсін. Ақтөбеде студенттерді діни ақпараттандырудың науқаны басталды. Теолог-мамандар мамыр айына дейін қаладағы барлық жоғарғы оқу орындарында болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізбекші. Алғашқы кездесу бүгін Алматы экономика және статистика академиясының Ақтөбедегі филиалы ғимаратында өтті. Студенттер үшін діни дәріс өткізу туралы бастаманы экономика және статистика институтының басшылығы көтерген. Бүгін болашақ экономистермен кездесуге Сарыағаш медресесінің директоры, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, белгілі теолог Әбдісаттар Сманов пен Ақтөбе облыстық дін істері жөніндегі департаменттің қызметкері Төлеген Талдыбаев келді. Олар жастарға діннің шынайы және жалған ағымдарының ара-жігін қалай ажырату керектігін айтып берді. Дін мәселесі соңғы екі-үш жылдықта күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналды. Мұны елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауынан аңғару қиын емес, -дейді Төлеген Талдыбаев. Мәселен, бұрынғы жолдауларда президент дін тақырыбын бір-екі сөйлеммен айтып кететін. Соңғы жолдаудың алтыншы тармағы солайымен дін турасында. Жастардың діни сенімін қадағалап, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру үшін мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен, өңірлерде арнайы орталықтар ашылды. "Аңсар" деп аталатын мұндай орталық Ақтөбеде де бар. Орталық құрылғалы ондағы теолог-мамандардың көмегімен 14 тақырыпты қамтитын 40 мыңнан астам кітап шығарылды. Діни мазмұндағы 5 мың дана дыбыс-бейнеролик жасалды. Ақпараттық-насихат тобы мамыр айына дейін қаладағы барлық жоғарғы оқу орындарының студенттерімен кездесуді жоспар етіп отыр. |
Количество показов: 2649
Дата создания: 12.02.2013 19:47:03