Жаңа жылдан бастап түнгі клубтарға бейне бақылау камералары орнатылмақ.
Қоғам қауіпсіздігі басты назарда. Жаңа жылдан бастап түнгі клубтарға, қонақ үйлер мен шағын кәсіпкерлік нысандарға бейнебақылау камералары орнатылатын болды.Жаңа жылдан бастап түнгі клубтарға, қонақ үйлер мен шағын кәсіпкерлік нысандарға бейнебақылау камералары орнатылатын болды. Қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін полиция осындай шараға бармақ. Осыған орай бүгін жеке кәсіпкерлер мен полиция қызметкерлері, сондай - ақ, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жиын өтті. 102 полиция диспетчерімен атқарылатын жұмыстар талқыланды.
Түнгі клубта тыныштық жоқ. Жыл басынан бері түнгі клубтарда түрлі жанжал орын алып, полицияға 2 мыңнан астам адам телефон шалыпты. Жыл басынан бері 102 диспетчерлік қызметіне көңіл көтеру орындарынан шағым көп түсіп жатыр. Сондықтан, қоғамдық тәртіп басты назарға алынып, қала аумағындағы ойын - сауық орталықтары мен шағын кәсіпкерлік нысандарға бейнебақылау камералары орнатылатын болды. Облыстық ПД басқармасы қондырылған арнайы камералардың көмегімен қала аумағындағы қоғамдық орындарды бақылап отыратын болады дейді тәртіп сақшылары.
Количество показов: 485
Дата создания: 24.11.2023 04:28:46