Жаңа жыл жаңа баға.
Жаңа жыл алдында қаладағы азық-түлік дүкендерінде баға біршама көтерілген. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше желтоқсан айының қортыныдысы бойынша жұмыртқа 5,8 пайызға, қой еті 2,8. маргарин майы да біршама қымбаттаған. Мұны сарапшылар мереке алдында сұранысқа ие тауарлар бағасының көтерілуімен байланыстырады. Себебі жыл соңында нарықта сұранысы төмендеген кейбір азық-түлік өнімдері керісінше арзандаған екен.Желтоқсан айында көкөністердің бағасы да біршама қымбаттаған екен. Мысалы қиярдың келісі 50 пайызға дейін қымбаттаса, көк бұрыштың бағасы да 36 пайызға көтерілген. 1-ші қаңтардан бастап, елімізде зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдер өскені белгілі. Жалпы мемлекеттік әлеуметтікк төлемдердің барлық түрі 7 пайызға көтерген.
Количество показов: 343
Дата создания: 04.01.2024 22:52:53