Жаңа жылға жаңа көлік.
Бүгін облыстық Полиция департаментінде өткен салтанатты шарада өңір басшысы Асхат Шахаров учаскелік инспекторларға арналған көлік кілттерін табыстады.Бір уақытта тәртіп сақшыларына 32 көлік беріліп отыр. Көлік құралдары учаскелік инпекторларға бөлінген.Заманауи көліктердің ішіндегі Хундай Туксан маркалы 32 машинаны қаладағы учаскелік инспекторлар тізгіндейтін болады. 10 Газель автокөлігі аудандық полиция бөлімдеріне жіберіледі. Мұндай көліктермен тәртіп сақшылары тергеу амалдарында жауап алынатын күдіктілерді тасымалдайтын болады.
Количество показов: 281
Дата создания: 26.12.2023 21:44:10