Жаңа жылға сыйлық алдыңыз ба?
Жаңа жыл мерекесіне орай жақындарыңызға сыйлық алып үлгердіңіз бе? Үлгермесеңіз уақыт бар. Кей адамдар, сыйлық алғанды ұнатса, енді бірі керісінше, сыйлық жасағанды жақсы көреді. Қазір сыйлық алу оңай. Дүкен сөрелері мен базарларда таңдау бар. Қаражатыңыз болса жеткілікті. Ақтөбеліктер сыйлықтың түрі маңызды емес, ықыласпен берілгенін бағалаймыз, дейді.Жаңа Жыл- әр адам үшін ғажапқа толы мерекелердің бірі. Бұл мереке әр елде ұлттық салт-дәстүрге сай тойланады, десек те, алуан түрлі ойыншықтармен безендірілген әсем шырша, түн ортасында сағаттар соғып, Жаңа жыл келгенін білдіруі, мерекелік дастарқан, сыйлықтар, ғажайыптар мен жақсылыққа сену – бәрімізге ортақ. Бүгінде сондай көңіл-күймен сыйлық іздеген халық. Бәрі де жақынын қуантуға асық.
Количество показов: 372
Дата создания: 29.12.2023 23:18:33