Жүргізуші жаяу жүргіншіні соққыға жықты
Көлік апатынан аман қалды. Бірақ, жүргізушіден оңбай таяқ жеді. 19 ақпан күні тал түсте Тургенев көшесі бойында "Мазда" көлігінің 21 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні сабаған. Соңғысы аңдамаған жерден жүгіріп шығып, оның көлігінің астына түсе жаздапты. "Бұзақылық" бабы бойынша 21 жастағы ақтөбеліктің үстінен іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр. Өзгені соққыға жыққаны үшін заң жүзінде жауап беруі мүмкін. Әйтсе де кез-келген жерден жолды кесіп өтіп, өзінің де, жүргізушінің де басын бәйгеге тіккен жаяуға да заң бар екенін ұмытпаған жөн. Облыстық ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында сондай-ақ жүргізіліп жатқан "Қадағалау" жедел алдын алу шарасының барысы да айтылды. "Қадағалау" шарасы түрмеден босап шыққан адамдардың заңсыздыққа қайта бой алдыруын болдырмау мақсатында өткізілуде. Жедел алдын алу шарасы басталған ақпанның 18-інен бері облыста түзету мекемелерінен шыққан 900 адам тексерілген. Әкімшілік қадағалау тәртібіне бағынбау, қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты деректер анықталды. 4 адам алты ай мерзімге әкімшілік қадағалауға алынды. Олардың кешкі оннан таңғы алтыға дейін көшеге шығуына, тұрып жатқан жерінен алшақ кетуіне, қоғамдық демалыс орындарына баруына тиым салынады. |
Количество показов: 2165
Дата создания: 21.02.2013 19:11:38