Жұмыссыз мүгедек жастардың мәселесі қалай шешілмек?
Ал тәжірибесіз жастардың еңбекке тез араласуына септік ету үшін әрбіріне сол қызметтегі білікті мамандардың бірін ұстаз етіп тағайындау керек. Кеңес одағы кезінде тиімді болған осы әдіс бүгін қала әкімі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысында ұсынылды. Осылайша, еңбек өтілі жоқ деп қыз-жігіттерді жұмысқа алмайтын мекеме басшыларының әрекетіне тосқауыл қойылмақ. Былтыр шаһарда 700-ден астам қыз-жігіт жастар тәжірибесі бағдарламасы арқылы уақытша жұмысқа орналасқан. Бірақ, алты айлық мерзім аяқталған соң, басым бөлігі тағы да жұмыссыз қалды. Өткен жылы жұмыспен қамту бөліміне 4 мыңға жуық жас маман жүгінген. 2 мыңдайы тұрақты жұмыс тапты. Кәсіпкерлік курсын оқыған екі жастың бірі бүгінде тігін цехын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Биыл сұранысқа ие жаңа мамандықтар - логопед, фармацевт, медбике және құрылысшы курстарына 60 адам жіберілмек. Қаладағы жастар ұйымдары өз шараларына мүмкіндігі шектеулі қыз-жігіттерді қатыстырса. Бұл да қалалық жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Нәйлә Бөртебаеваның ұсынысы. Былтыр бөлімге жұмыс сұрап 69 мүгедек келген. Оның 17-і жас. Жетеуі - жастар тәжірибесіне, қалғаны - қоғамдық жұмыстарға тартылды. Бүгінгі жиында сондай-ақ, ішкі саясат бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі осы жылға арналған жоспары жарияланды. Бөлім мамандары биыл патриоттық тәрбие беретін шараларды көбірек өткізуді жөн санап отыр. |
Количество показов: 2132
Дата создания: 30.01.2013 18:50:21