"Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы аясында 1400 ақтөбелік жұмыспен қамтылды
Өткен жылы "Жұмыспен қамту 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1400-ге жуық ақтөбелік екі қолға бір күрек тапқан. Аталған бағдарламаның үшінші бағыты еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға бағытталған. Осы орайда билік өкілдері 2012 жылы облысымыздың шалғай аудандарынан 220 тұрғынды көшіріп әкеліп, оның бірқатарын тұрақты жұмыс орнымен қамтыған. Өткен жылы Ақтөбеде 50-ге жуық тұрғын 6 мамандық бойынша қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтіпті. Дегенмен бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда бірнеше есеге азайды. Мәселен 2011 жылы қайта даярлық курстарынан өткендер саны 500 адамнан асып жығылса, олардың көбісі бірқатар себептермен жұмысқа орналаса алмаған. Осыған орай билік өкілдері өткен жылы мамандық алушылардың санынан гөрі сапасына айрықша көңіл бөлген. Бағдарламаның тағы бір басым бағыттарының бірі ол ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдауға арналған. Осы орайда 2012 жылы кәсіпкерлік негіздеріне 24 адам оқытылып, 10 ақтөбелік жалпы сомасы 16 млн. теңгеден астам шағын несиеге ие болған. |
Количество показов: 2496
Дата создания: 08.01.2013 11:57:48