"Жүктілік" диагнозы қойылған жасөспірімге 50 мың теңге өтемақы тиесілі
Қыркүйек айында бүйрегі ауырып, облыстық жедел жәрдем ауруханасынан ем алған Байжан Алдашевқа "жүктілік" диагнозы қойылғандығы туралы ақпарат елге тарап кетті. Бүгін №2 қалалық соттың судьясы Ердос Байманов осы іске нүкте қойды. Жасөспірімнің анасы дәрігерлерден 10 млн теңге моральдық шығын талап еткен болатын. Бірақ, оның дегені болмады. Бүйрегін емдетпек болып дәрігерлер көмегіне жүгінген жасөспірім Байжан Алдашовқа қойылған жалған диагноз құрбы - құрдастары үшін таптырмас қалжыңға айналды. "Жүктілік" диагнозы қойылған медициналық парақша он бес жастағы жеткіншектің анасы Екатерина Рафикованың қолында. Көзінің қарашығындай сақтаған бұл парақша ол үшін бұлтартпас айғақ. Осы арқылы анасы ұлының нақты қандай диагнозбен ем алғанын дәлелдеуге тырысып, бес ай бойы соттың табалдырығын тоздырды. Облыстық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері болса, қателіктің жазудан кеткендігін, ал тағайындалған дәрі - дәрмектің барлығы да бүйрегіне зақым келген науақастарға арналғандығын айтып түсіндіруге тырысты. №2 қалалық сот судьясы Ердос Байманов екі тараптың пікірін тыңдап, бір қорытындыға келді. Дәрігерлерден 10 млн теңге өтемақы талап еткен Екатерина Рафикованың шағымы жартылай қанағаттандырылды. Жасөспірім Байжан Алдашовтың құқын қорғаушы Юрий Фельчуковтың бұл тұрғыда өз пікірі бар. Шағымданушы Екатерина Рафикова келіссе, әлі де соттасуға дайын. |
Количество показов: 2311
Дата создания: 14.02.2013 19:39:11