Көшелері қараңғы Заречный-2 елді мекені. Бүгін осы ауданның тұрғындары жанайқайларын жеткізді. Қаланың ішінде отырып, жарыққа, жолға жарымаған халық су жүйесінің де жұмысына да шағымданды. Халық мәселелерін айтып қалалық әкімдікке, "Ақбұлақ" АҚ-на бірнеше рет хабарласқан. Қағаз жүзінде тиісті мекемелерге арыз жолдапты да. Жол мен суға байланысты наурыз айынан бері ешқандай әрекет жоқ. Енді ерте қараңғы түсе бастағалы тұрғындар қайтадан қиналып жүр. Тұрғындардың мәселелері бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне хабарластық. Бөлім басшысының орынбасары Жандос Өтеулин бұл мәселе бойынша мамандар тексеру жүргізетінін жеткізді. Биыл көшені жарықтандыруға қазынадан 100 млн теңге бөлінген. Бұл қаражат 300 жарық шамын орнатуға жетеді. Жоспар бойынша Сүт зауыты, Шанхай аудандарын, Тургенев, Алтынсарин, Пацаев, Маресьев көшелерін жарықтандыру жүріп жатыр.
Қаланың ішінде отырып, су мен жарыққа, жолға жарымаған халық елді-мекеннің ұмыт қалмағанын қалайды. Мұнда көше атаулары толық берілмеген. Атауы жоқ көшелерге жедел жәрдем шақырарда қиындық туындайды. Таба алмайтын болған соң тұрғындар көлікті орталық жолға шығып күтіп алуға мәжбүр.
Количество показов: 1155
Дата создания: 11.10.2018 18:41:07
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>