Заманауи педиатрия мен неонатологияның жаңа акспектілері.
Неонатология - педиатрияның ең негізгі саласы. Жаңа туған нәрестелердің денсаулығын жіті бақылап, диагностикалық талдау жасап, емдеп, оңалтуды көздейді. Балаш Түсіпқалиевтің есімі ақтөбеліктерге жақсы таныс. Өңіріміздің алғашқы неонатологы да Балаш аға. Бала денсаулығының қыр-сырын жетік меңгерген, жас кадрларды даярлауға зор үлкес қосқан азамат бүгін сексеннің сеңгіріне шықты. Конференцияда ғалымның еңбектері мен зерттеулері айтылды. "Заманауи педиатрия мен неонатологияның жаңа акспектілері" атты ғылыми - тәжірибелік конференцияда нәресте, бала денсаулығына қатысты біраз мәселе көтерілді. Емдеу жолдары мен диагностикасы , педиатрия саласындағы инновация талқыланды.Ғылыми - тәжірибелік конференцияға емдеу - профилактикалық мекемелерінің және медициналық қоғамдастық өкілдері, профессор - оқытушылар қатысты. Мерекелік шара аясында неонатолог маман Балаш Түсіпқалиевке құрмет көрсетіліп, ақжарма тілектер жаудырылды. Айта кетейік, Ақтөбеде 20 неонатолог бар. Балаш Түсіпқалиев тек кәсіби маман емес, ол мыңдаған жас дәрігер тәрбиелеген ұстаз да.Количество показов: 256
Дата создания: 05.01.2024 22:58:20