Заңсыз балық аулағандар жазаға тартылады
"Ақтөбе" су қоймасына келіп, қармақ салып жүргендер көп. Полицейлер әсіресе демалыс күндері бұл жер бөлек бір қалашыққа айналатынын айтады. Күркелерін, мұз ойғышын, су астына шолу жасайтын бейнекамерасы мен қармағын арқалап келетіндердің дені әуесқой балықшы. Олар үшін процесстің өзі қызық. Дорба-дорба балық аулау емес, табиғат аясында бой жазып, түскен балыққа қанағат қылып, бірер қуырмашты олжалап қайту."Ақтөбе" су қоймасының суы қатып, мұз жамылған уақыттан бастап-ақ, әуесқой балықшылар олжалы болуға асығуда. Мұнда тек Жарық ауылының тұрғындары емес, қаладан келетіндер де көп. Тәртіп сақшылары бұл жерді күндіз-түні торуылдауға мәжбүр. Кейде арнайы құжаты жоқ, ішімджік ішіп алғандар да жүреді, дейді полицейлер. Айта кету керек, броконьерлік әрекеттерге қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген. Балық ресурстарын заңсыз алғандарға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырып, 160 айлық есептік көрсеткіштен 2000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.Сондай-ақ 160-600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылып, 40 тәулікке дейін қамаққа алынуы мүмкін. 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да көзделген.Количество показов: 376
Дата создания: 07.02.2025 06:49:07