З. Космодемьянская көшесін нөсер жаңбырдан соң су басып қалған.
Кеңес Одағының батыры Зоя Космодемьянская көшесінде егде жастағы адамдар тұрады. Солардың бірі Құрмантай Сарқұлов. 25 жылдан бері осы көшеде тұратын ақсақал үйінің алды суға толғанына наразы. Мәскеу көшесінен келетін жаңбыр суы осы көшеге келіп құяды. Себебі, бұл көшеде сорғы станциясы бар. Ал, тұрғындардың айтуынша, сорғы станциясы қазір істен шыққан. Сол себепті аймаққа су жиналған. Салдарынан жағымсыз иіс шығады.Бұрын бұл жерде балалар ойнайтын. Қазір жиналған су тіпті үйдің ауласына да кіреді. Тұрғындардың айтуынша, балаларын мектепке апара алмайды. Сыртқа шығарып ойната да алмайды.Мәселенің ақ - қарасын анықтау үшін қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Серік Дәулетовке хабарластық. Жауапты маманның айтуынша, бұл жағдайға тұрғындардың өздері кінәлі. Себебі, сол көшеде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан тұрғындар қалған қоқыстарды осы су сорғысы станциясының алдына, яғни жиналған суға әкеліп тастайды. Салдарынан су сорылмай, мұз қатқан. Ал, сорғы станциясына келетін болсақ, штаттық режимде жұмыс жасап тұр.Айта кетейік, 2025 жылы Зоя Космодемьянская көшесіндегі сорғы станциясына жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Количество показов: 360
Дата создания: 20.11.2023 21:54:09