Қызылша өршіп тұр.
Қыста көбінесе суық тию, тұмау сияқты аурулар өршитіні белгілі. Ал, биылғы күз басталғалы өңірімізде ағайыннан балаларының қызылша ауруымен ауруханаға жатып қалғанын естіп жүрміз. Дәрігерлердің айтуынша, дерттің басты себебі қызылшаға қарсы екпенің салынбауы. Ата-аналардың арасында екпеден бас таратып жатқандар жоқ емес. Біреуі діни көзқарасына сай, екіншісі препараттың қауіпсіздігіне күмәнданады. Оларды эпидемиялық ахуал да шошытпай тұр, дейді ақ халаттылар. Сондықтан, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдын алу шаралары жасалып жатыр. Кез-келген екпе денсаулық сақтау министрлігі бекіткен кестеге сай жасалады. Бірнеше жылдар бойы, тек сыннан өткен препараттар ғана. Ал елдегі ахуалға байланысты, енді 6 айлық және 11 айлық сәбилер егілсе, 5 желтоқсаннан бастап 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер де вакцинация алуы тиіс. Екпеден бас тартып отырғандар көп. Олар өз баласымен қоса, айналасындағыларға да қауіп төндіруде. Мәселен, №3 ші қалалық емханаға қарасты 6 мен 11 айлық 27 сәби екпе алуы тиіс. Алайда ,тек 17 сі ғана келісім берген.Қызылша балалар үшін, әсіресе сәбилер үшін қауіпті. Инфекция жұқтырған балада кейін өзге де сырқаттар шығуы мүмкін. Пневмония дерті, көзінің көрмей қалуы немесе есту қабілетінің нашарлауы сияқты ақаулар пайды болады, дейді дәрігерлер. Ал ең қауіптісі паненцефалит склероз ауруына ұласуы екен. Ал қауіпті дерттен қорғанудың бірден-бір жолы екпе алу.
Количество показов: 445
Дата создания: 13.12.2023 23:36:06