Үйсіз-күйсіз жүрген үлескерлер прокуратураға барды.
Ақтөбеде армандаған баспанасына қол жеткізе алмай жүрген үлескерлер азаяр емес. Бүгін бір топ наразы тұрғын облыс прокуратурасының алдына жиналды. Барлығының талабы бір-әділеттік орнатып, құрылыс компанияларын жауапқа тарту. "Авиатор" мен "Алашорда" тұрғын үй кешендерінен баспаналы боламын деген 200 ге жуық тұрғын сан соғып қалған. Құрылыс бітпеген үйлерге 6 жыл бұрын ақша салып бастағандар бар. Бірі қолында барын сатып, жаңа үйге қол жеткізбек болса, енді бірі несие алып қарызға кірген. 100 пайыз төлем жасап, пәтер жалдап жүргендері де жоқ емес. Біреуі "Хан групп" серіктестігі. Дүйім жұрттан миллиондап қаржы алып, сан соқтырған компания басшысы қазір абақтыда отыр. Тергеу жүріп жатыр. Ал бір күннің ішінде барынан айырылған халық, барар жеріміз жоқ, деп налиды.Жанна Үмбетова 2018 жылы 4 бөлмелі пәтерге ие боламын деп, 25 млн теңгесін ұстатқан. Көп ұзамай су жаңа баспанаға қол жеткізем деген ойы іске аспады. Қазір ол отбасымен туыстарын жағалап жүр. Жаннамен бірген өңіріміздің бас прокурорымен кездеспек болып, 20 шақты үлескер келген. Алайда ашынған жұртпен кездесуге басқарма басшысы шықты. Мәселені 10 күннің ішінде қараймыз, деп басу айтты.Салымшылардың жыры 6 жылдан бері таусылар емес. Іс енді ғана сотқа жолданбақ. Алданған ақтөбеліктердің мәселесін шешуде соңғы инстанция да сот болмақ.
Количество показов: 242
Дата создания: 11.01.2024 00:09:50