Әйелдер ана мен бала денсаулығы мәселесін талқылады
Әлеуметтік, психологиялық жағдайлар себеп болады. Денсаулығы да әлсіреуі мүмкін. Аймақта былтыр 3 мыңға жуық қыз-келіншек көтерген баласын алдыртып тастаған. Статистикаға сүйенсек, әр босанған баланың саны бойынша 17 пайыз жүктілік жасанды түсік жасатумен аяқталған. Аборт жасататындар 18 бен 45 жас аралығындағы қыз-келіншектер. Аборт жасатуды заңмен шектеу біздің елде әзір қолайсыз дейді мамандар. Себебі, бала туып, тәрбиелеу үшін әр отбасында жағдай болуы керек. Тіпті, контрацептикалық дәрілерді сатып алуға қаржылары жетпейтіндер бар. Ал мұндай дәрілерді елде әйелдердің тек 30 пайызы ғана қолданатыны анықталды. Қазір баланы жоспарлауды, түрлі аурулардың алдын алуды көздейтін арнайы бағдарлама бар. Ол үшін мемлекеттен қаржы бөлінеді. Аймақта былтыр 22 сәби даун синдромымен дүниеге келген. Олардың 77 пайызында уақытылы анықталған диагнозға қатысты шарананы тексеруге ата-аналары қарсы болған. 27 пайызы жүктілік кезінде дәрігерлердің есебіне кеш тұрған.
Количество показов: 1362
Дата создания: 22.09.2018 00:28:58