Бүгін қаладағы әлеуметтік бейімдеу орталығында жаңа жылдық кеш өтті. Мұнда қазір тағдырлары ұқсас 49 адам тұрып жатыр. Көпшілігінің туысқандары, бала-шағалары бар. Ең жасы- 20да. Денсаулықтары жарамды 18 адам тазалық бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан. Орталықты паналап отырған 8 адамның құжаты жоқ. Тағы 4 адамның куәлігі ресейлік. Орал қаласына барып құжаттарын реттеп келу үшін әрқайсысына 30 мың теңге қажет. Үйсіз тұлғалар үшін мемлекеттен бір адамға күніне 580 теңге бөлінеді. Күніне үш рет тамақ беріледі. Бүгін жаңа жылдық мереке қарсаңында оларға дастархан жайылып, концерттік бағдарлама әзірленді. Өнерпаздардың өнерін тамашалаған тұрғындар көңілдерін көтерді. Мұны риясыз соғылған шапалақтарынан аңғаруға болады. Орталықты ұзақ жылдардан бері мекен етіп жүрген тұрғындар келер жылдан жеке бастарына ештеңе күтпейтін секілді. Бірақ, ақтөбеліктерге мықты денсаулық пен толағай табыстар тіледі.
Мұнда тұратын тұрғындардың 80 пайызы мүгедек. Көпшілігі суықта далада қалып қол, аяғын үсіріп алғандар. Орталық 150 орындық. Қуантарлығы жыл санап пана сұрап келушілер саны кеміп келеді.
Количество показов: 1043
Дата создания: 29.12.2018 20:38:33
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>