Вакцинадан бас тартып жүргендерге үндеу тасталды
Қарғалы селолық округінде туғанынан екпе қабылдамаған 18 сәби бар екен. Дәрігерлер жұқпалы аурулардың соңы қайғылы аяқталатанын сан мәрте айтқанымен, оған үрейленетін ата-аналары жоқ. Амалы қалмаған санитар мамандар мен дәрігерлер мұндай ата-аналардың назарын акцияға аударғысы келеді. Түрлі жұқпалы аурудан қорғанудың жалғыз жолы- вакцина салу. Қырылдауық, дифтерия, қызылша, гемофильді инфекция секілді қатерлі дерттермен күресудің басқа әдісін әлі ешкім ойлап тапқан жоқ. Дәрігерлер вакцинаға қарсы "күрес" жариялаған ата-аналарға қанша айтқанымен, нәтиже-шамалы. Бірақ, "шешінген-судан тайынбайды". Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшылығы бірлесіп тағы бір шара ұйымдастырды. Қарғалы селолық округінде өткен "Вакцинация-балаларды жұқпалы аурулардан қорғаудың сенімді әдісі" акциясына дәрігерлерден бөлек, діни істер жөніндегі департамент өкілдері, мешіт имамдары да шақырылды. Кішкентай Мәдина мен Зарина Ералиевалардың жастары 4- те. Анасы Гүлбақыт екі бүлдіршіннің дені сау болып өсуі үшін, дәрігерлердің айтқанын екі етпейді. Уақытында егіледі. Үш жастағы Мәриям мен Малика - отбасының кенжелері. Алдарында үш аға-апасы бар. Гүлсім апай қатерлі жұқпалы ауруларға тек екпе ғана қарсы тұратынын жақсы түсінеді. "Медикус-центр" орталығының Қарғалыдағы бөлімшесіне 17 мыңға жуық адам келіп, қаралады. Соның - бес мыңы бала. Акция кезінде баланың туғаннан бастап алуы тиіс екпе тізімі көрсетілген және қатерлі аурулар туралы парақшалар таратылды. |
Количество показов: 2559
Дата создания: 20.02.2013 19:23:47