Туберкулезге шалдыққан науқастар саны өскен.
Жаhандық медицина саласында тағы бір жаңалық-туберклезге қарсы жаңа вакцина 2026 жылы шығуы мүмкін. Сондай-ақ құрт ауруын емдейтін қазіргі бағдарлама да түбегейлі өзгереді. Ғаламдық қордан таяу жылдары туберкулезді емдейтін жаңа преапарттар таратылатын болады. Мұндай препараттармен емдеу ісінің мерзімі қысқарады. Бұрын құрт аурын емдеу курсы 9 ай болса, енді 6 айда науқастың беті бері қарауы мүмкін. БҰҰ ның медицина саласындағы серіктестікке бағытталған жобасына сәйкес "Туберкулезге жол жоқ" деп аталатын бағдарлама аясында бес жылда құрт ауруын үш есеге дейін төмендету жоспарланған. Облыс аумағында 100 мың адамға шаққанда туберкулез дерті 36-37 адамды құрап отыр. Әлемдік бағдарлама бойынша бұл көрсеткіш те бірнеше есеге төмендеуі тиіс.Туберкулезге қарсы күрес жұмыстарымен айналысатын жергілікті мемлекеттік емес ұйымдарға Ғаламдық қордан тегін дәрі дәрмек таратылып келеді. Бүгін фтизиопульмонолог дәрігерлер бас қосып, құрт ауруын төмендету мәселелерін талқылады.
Количество показов: 416
Дата создания: 09.11.2023 00:56:02