ТМД – жаңа мүмкіндіктер кеңістігі.
1991 жылы 21 желтоқсанда Кеңес Одағының құрмында болған 15 елдің 11 нің басшылары Алатаудың баурайына жиналып, "Алматы декларациясын" қабылдады. Бұған дейін 8-ші желтоқсан күні Ресей, Беларусь пен Украина үштігі ТМД ны құру туралы келісім хаттамасына қол ойған еді. Декларация осы құжаттың салмағын арттырды, дейді тарихшылар. Бұл құжатта ең алымен , ұйымға мүше елдердің тәуелсіздігі мен егемендігі құрметтеліп, тең құқығы сақталғандығы көрсетіледі. Бүгінде ТМД мемлекеттері табиғи және экономикалық зор мүмкіндіктерге ие. ТМД ның жер көлемі жер жүзіндегі жалпы құрлық көлемінің 16 пайызын құрайды екен. Тіпті Оңтүстік Америка, Австралия және Антрактиданың жер көлемінен бірнеше есе үлкен. Әлемдегі мұнай қорының 20 пайызы , табиғи газдың 40 пайызы осы ТМД елдерінде өндіріледі. Экономикалық әлеуеті дамыған ТМД елдерінде жер шарындағы халықтың 5 пайызы өмір сүріп жатыр. Экономикасы алдын ала жоспарланатын, орталыққа тәуелді болып келген 11 ел 21-ші желтоқсан күні әрқайсысы өз алдына отау құрып, жеке мемлекет атанды. Алайда, көршілес әрі саяси-экономикалық жағдайлары ұқсас елдер ТМД сияқты бір ортақ ұйым құруы сол кездегі уақыттың талабы болған сияқты. Тарихшылар бұрынғы КСРО құрамындағы елдердің түбі осындай ұйымға бірігетіндігі алдын-ала белгілі болған деп те айтып жүр. Дегенмен қарапайым халық КСРО ның болашағынан бейхабар еді.Количество показов: 347
Дата создания: 22.12.2023 00:05:55