Тергеу абақтысынан қашып шыққан екі жігіттің ісіне қатысты бүгін сот үкімі шықты
Сот Үкімімен 19-25 жастағы екі жігіттің алғашқысы 3 жылға, екіншісі 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаңтар айында басталған сот процесінің үкімі бүгін оқылды. 25 жастағы жігіт тергеу изоляторына сауда орталығында 24 млн теңге тұратын алтын бұйымдарын ұрлағаны үшін тоғытылады. Ал оның камералас серігінің жасы бар жоғы 19 жаста. Бұзақылық бабымен тергеу изоляторына тоғытылған. Қараша айында екі күдікті уағдаласып, камерадан қашып кеткен болатын. Тергеу абақтысының күзетшілері ұйықтап жатқан сәтті пайдаланып, екі күдікті камерадан қашып үлгереді. Олар сол күні полицияның қолына түскен болатын. Сотта олар бірден қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жауап берді. Күдіктілерге тергеу қапасынан қашып кетуге мүмкіндік туғызған, өз ісіне салғырттық танытқан изолятор қызметкерлері де жұмыстан қуылған. Тергеу изоляторының бастығы да қызметінен шеттетілді.Количество показов: 340
Дата создания: 03.04.2024 05:45:11