Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Өзінің бет жүзін көрсетуден бас тартқан бұл үйдің иесі үш баланың анасы. Жас келіншек төртінші сәбиіне аяғы ауыр. Бірнеше рет әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының көмегіне жүгінген. Бүгін келіншектің жағдайын білуге арнайы келген топқа ол шағым айтпады. Апта соңына дейін полиция инспекторлары осындай көп шағымданатын әйелдердің бірнешеуінің үйлерін аралап шығуды жоспарлап отыр. Бүкіл әлемде әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет физикалық немесе жыныстық зорлық зомбылыққа ұшырайды. Кейбір елдерде соңғы кездері әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық бес есеге дейін өсіп кеткен. Облыс аумағында да жыл басынан бері 5 мыңнан астам әйел отбасылық жанжалға қатысты шағым айтып, полицияға қоңырау шалыпты. Олардың 3 мыңына қорғау нұсқамасы берілген.Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары полиция көмегіне жүгінгендерді бір ай бойы қорғауға алып, әр апта сайын олардың үйлеріне келіп тексеру жүргізіп тұратын болған. Тәртіп сақшылары әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жоюдың бірден бір жолы олармен тұрақты байланыс орнату дейді.Количество показов: 597
Дата создания: 22.11.2023 01:53:19