Тұрғындарға "пара бермеу, пара алмау" қағидасын үйрету керек
Жауапты мамандар сыбайлас жемқорлық азайып келеді дегенімен, қарапайым тұрғындардың бұған сенгісі жоқ. Олар әлі де таныс тауып, қалтаңдағы теңгенің ұшын көрсетпесең шаруаңды шешу мүмкін емес дегеннен танбайды. Ақтөбеліктердің сөзінше, жемқорлық әсіресе, медицина, білім мен құқық қорғау салаларында көп. Жемқорлықтан құтылған емеспіз, құтылмаймыз да деп отыр.
Елде жыл басынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты 3 400 қылмыстық іс қозғалған. 1000 іс сотқа жіберілді. Келтірілген шығын 15 млрд. теңге. Мемлекетке оның 11 млрд. теңгесі қайтарылған. Президент Н.Назарбаевпен кездесу барысында бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлімдеді. Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Қайыржан Тоқышев та сандармен сөйледі. Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың үш кезеңін атады. Алдымен халықты толық ақпараттандырып, оларды жемқорлыққа қарсы тұру дәрежесіне жеткізу. Одан кейін "Пара бермеу, пара алмау" қағидасы бойынша жұмыс жасау. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қатысты оқиғаның куәсі болған жанды облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары қашанда тыңдауға дайын екендерін жеткізді.
Количество показов: 1693
Дата создания: 21.11.2017 17:44:33