Тұмаудан сақтаныңыз!
Осал топқа балалар, жүкті әйелдер мен зейнеткерлер жатады. Дәрігерлер маусымдық дертке шалдықпаудың қарапайым жолдарын естен шығармауға кеңес береді. Жеке бас гигиенасын сақтап, дәрігерге дер кезінде көріну-басты шарт. Ауру әсіресе, жүкті әйелдер мен 1 жасқа толмаған сәбилерге өте қауіпті. Ресми деректерге сүйенсек, қазан айынан бері 1727 адам жедел респираторлы вирусты инфекция жұқтырған. Дені-балалар. Ал 82 адам тұмауға шалдыққан. Тұмаудан ақтөбеліктердің 10 пайызы ғана қорғалған. Олар-дер кезінде вакцина алған тұрғындар. Қала тұрғындарына тұмауға қарсы екпе салу үшін жергілікті бюджеттен 11 млн. 758 мың теңгеден астам қаржы бөлінді. Өткен жылдың қазан-қараша айларында осал топтағыларға "Гриппол" вакцинасы егілді.
Количество показов: 1600
Дата создания: 09.01.2017 18:26:49