Төлемдер енді QR коды арқылы немесе пост терминалдар арқылы қабылдануы керек.
Салық кодексіне өзгерістер енгізіп, кәсіпкерлерге бизнесті адал жүргізу туралы талап қойылғалы мобильді аударым мен мобильді төлемге байланысты елдің пікірі екіге бөлініп, сеніміне күдік ұялады. Мұның себебі де бар. Қазір сауда орындарында қолма-қол ақшасыз қажетті тауарды алу қиындады. Мұның заңдылығын салық органдары түсіндірді. Мамандардың айтуынша, төлемдер енді QR коды арқылы немесе пост терминалдар арқылы қабылдануы керек. Аударым жасау жеке тұлғаның құқығын бұзу болып табылады.Салық органдары барлық мобильді аударымды тексермейді. Тек әртүрлі тұлғадан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударым жасап, кәсіпкерлік қызметтің белгісі байқалса ғана. Жеке тұлғалар бұрынғыдай өзінің жеке мақсаты үшін: туысына, досына, ата-анасына, баласына және басқа да өмірлік жағдайға байланысты мобильді аударым қолдана береді. Бұған шектеу жоқ. Ал таксисттер үшін төлемдерді жеке кәсіпкер ретінде EGOV мобильді қосымшасымен тіркеліп, кез-келген банк арқылы төлемдерді қабылдай алады.Айта кететіні егер төлемдер айына 100 аударылымнан асатын болса ескерту беріледі. Ал ескерту еленбей, аударылымдар жасалса 40 АЕК көлемінде айыппұл төленетін болады. Мобильді аударымды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталады. Кәсіпкерлер арасында сатылған тауар немесе қызмет үшін төлемді мобильді аударым арқылы алады. Алайда аударымды кассалық аппарат, POS-терминал мен QR-кодты қолданбай жүргізеді. Тиісінше, чек берілмей, тұтынушының құқығын бұзады, – деді мамандар.Количество показов: 306
Дата создания: 09.01.2024 22:39:41