Төл теңгемізге 30 жыл.
Ұлттық банктің облыстық филиалы мамандарының мәліметінше биыл екінші деңгейлі банктердегі депозит көрсеткіші 70 пайызға артқан. Бұл тек қана ұлттық валюта есебіндегі депозит көрсеткіші. АҚШ долларын жинақтап жатқандар да жоқ емес. Қаржыгерлер соңғы жылдары облыс аумағында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып, бірнеше кәсіпорын іске қосылғандығын айтады. Бұл бір ғана өңір экономикасының артуы емес, облыс тұрғындары табысының өскендігін білдіреді, дейді. Екінші деңгейлі банктердің белсенділігі жағынан республика бойынша облыс екінші орында тұр. Өңірде бір деңгейлі банктердің 14 филиалы жұмыс істейді. Бұл қаржы орталықтары арқылы несиелендіру бағдарламасымен алдағы жылдары ірі-ірі жобалар жүзезе асады деп жоспарланған. Егер банктер дәл осындай белсенділікпен қызмет атқарса, өңір экономикасы да біршама ілгері басады дейді қаржыгерлер.Бүгін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде "Ұлттық валюта-теңгенің 30 жылдығы" деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Банк жетекшілері болашақ қаржыгерлермен кездесіп, ұлттық валюта-теңгенің бүгіні мен болашағы жайлы ақпарат берді.Количество показов: 406
Дата создания: 09.11.2023 23:46:19