"Сыбағадан" дәметкендер енді заң алдында жауап беретін болды.
Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілетін төмен пайыздық қаражатты заңсыз жолмен рәсімдеген 3 кәсіпкер мемлекетке 970 млн теңге залал келтірді. Мұндай қомақты қаржыны олар құжат бойынша ауылшаруашылығы саласына жұмсауы тиіс . Бірақ қылмыстық топ мемлекет қаражатын ысырап қылып, ақшаны басқа мақсатқа жұмсаған.Мемлекет қаражатын талан таражға салған алаяқтар ауылшаруашылығы мақсатына жұмсалуы тиіс ақшадан мұнан өзге 26 млн теңге субсидия алып үлгеріпті. Қайтарамсыз қаражатты да олар өз пайдаларына иемденіп кеткен. Қазіргі кезде осы іске қатысы бар 3 күдікті ұсталып, тергеу амалдары жалғасуда.
Қазіргі кезде күдіктілердің 260 млн теңгеге бағаланатын мүлкі бұғатталды. Тергеу барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, алаяқтық топтың ірі қара мал сатып алуға бөлінген қаражатты қолма қол ақшаға айналдырғаны анықталып отыр.
Количество показов: 459
Дата создания: 15.11.2023 23:58:49