Су тасқынынан зардаа шеккендер көмек күтуде
Қаланы қарғын су басқан соң, шаһардың шеткі, су басу қаупі бар, сондай - ақ, бау - бақша ұжымдарының тұрғындары эвакуацияланды. Олар жақын маңдағы мектептерге орналастырылды. Мәселен, Сүт зауыты ауданында үйлері суға кеткен тұрғындарды №5 - ші және №71 жалпы білім беретін оқу ордасы қабылдады. Статистикаға сүйенсек, бастапқыда №5 - ші жалпы білім беретін мектепке 211 адам келген. Оның ішінде 110 отбасы және 88 бала бар. Қазір мектеп ішінде 54 отбасы мен 13 бала қалған. Олар мектептің акт залы, спорт залы мен басқа да кабинеттеріне орналастырылды. Бұйрық бойынша эвакуацияланған тұрғындар ертеңге дейін мектепте қалады.Гүлнәр Құламанова Госсветсеть бау - бақша ұжымының тұрғыны. Толықтай үйі су астында қалған соң, осында келген. Айтуынша, 2 бөлмелі үйін толықтай су басқан. Тұрмыстық дүниелерінің барлығы қызыл судың астында қалған. Әкімдіктен жаңа үй беруді немесе үй соғып беруді сұрайды. Себебі, ол ата-анасыз қалған қос немересіне қамқоршы болып отыр. Арқа сүйер ешкімі жоқ әйелдің бар үміті жергілікті билікте. Өйткені жетім балаларды жеткізуі керек.№5 - ші жалпы білім беретін мектептің ұстаздары мен қызметкерлері эвакуацияланған тұрғындарға барлық жағдайды жасау үстінде. Балаларға ойын бөлмесін әзірлеп, олардың бос уақыттары қызықты өткізу үшін аниматорлар да шақырған. Тұрғындарға қалалық оқушылар сарайы мен шығармашылық академиясы атынан концерттік бағдарлама да ұйымдастырылған. Сондай - ақ, психологтар да жұмыс жасауда. Бұдан бөлек 3 мезгіл тамақ беріледі. Сондай - ақ, ауыз бекітіп, ораза ұстаған жандарға да ауызашар мен сәресі берілуде. Айта кетейік, Сүт зауыты ауданында бұдан бөлек Авиатор, Ақ сүт, Мелгруппкомбинат бау - бақша ұжымдары да суға кеткен болатын.
Количество показов: 317
Дата создания: 03.04.2024 05:47:37