Ақтөбе әскери госпиталінде бүгін ашық есік күні өтті. Әскери дәрігерлер әскери қызметшілер мен олардың отбасылары және ардагерлерді қабылдап, госпитальдің ішін көрсетті, қызметтерімен таныстырды. 25-ші ақпанда әскери госпитальге 14 жыл толады, әрі бүгін ескі Кеңес армиясы мен әскери теңіз флотының мерекесі. Әуел баста әскери лазарет Батыс Қазақстан облысынан Ақтөбеге 2004-ші жылы 25-ші ақпанда ауысып, әскери госпиталь ретінде қызметін жалғастырды. Биыл әскери госпитальге 14 жыл. Әзірге елдің батысындағы әскери бөлімдерді қамтушы жалғыз медициналық мекеме. Амбулаторлық, стационарлық көмектер көрсетіледі. Стационары 40 жатын орынға есептелген. Бүгінде науқастарға толы. Заманауи медициналық жабдықтар қолданылады, дейді әскери госпиталь бастығы Талғат Мұсабеков. Осындағы азаматтық аурухана, емханалармен байланысы тығыз. Жедел, ауыр жағдайларда науқастар Алматы, Астана қалаларындағы бас әскери госпитальдарға жолданады.
Осы даталарға орайластырып, мекемеде жәрмеңке де ұйымдастырылған. Әскери медицина қызметкерлері өз қолдарымен әзірлеген тағам, сусындарды сатып, түскен ақшаны балалар үйіне қайырымдылық көмек ретінде аударады. Сондай-ақ, жиналғандар мерекелік концерт тамашалады.
Количество показов: 1423
Дата создания: 23.02.2018 18:39:32
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>