Әскери қалашықта балалар ойын алаңы жоқ
Тұрғындардың арызына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы жауап қатқан. Онда қалада балалар алаңына қажеттілік бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз 200-ден асатыны айтылған. Мұндай жұмыс көлемін бір жылда орындау мүмкін емес делінген. Атап өтейік, ағымдағы жылдан қала тізгінін ұстаған Асхат Шахаров көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар алаңдарын орнату бойынша жұмыстарды қолға алатынын айтқан еді. Қалабасы 100 балалар алаңқайын және 50 спорттық алаң, жасанды жасыл төсеніші бар 10 футбол алаңын салып беруге уәде етті. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір 20-дан астам балалар, 15 шақты спорттық және 6 футбол алаңдары жабдықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Количество показов: 945
Дата создания: 24.09.2020 18:26:42