Шалқар көлінде жеңіл көлік батып кетті.
Қайғылы жағдай кеше орын алған. Көлік салонында үш адам болды, дейді төтенше жағдайлар департаменті. Екеуі аман. Ал 1972 жылы туған ер адам суға батып кеткен. Оның денесін сүңгуірлер араға екі сағат салып, тереңдіктен алып шыққан. Өңірде аяз күшейгенімен, мұз жұқа. Әйтсе де көліктер мұздан өтуді тоқтатпауда. Құтқарушылар дабыл қағып жатыр. Қыста судың үстімен жүру қауіп. Жыл сайын орын алып жатырған адам қазасы жұртқа сабақ болмауы өкінішті. Көп жағдайда мұз үстінде балық аулау үшін немесе жол қысқарту мақсатында дарияны кесіп өтетіндігі бәрімізге мәлім. Дегенмен де өз өмірін тәуекелге тігіп, сақтық шараларын ұмытуға болмайтындығын естен шығармаған абзал.Количество показов: 270
Дата создания: 09.01.2024 22:35:10