Сан-эпидемиологиялық бақылау департаменті нарықтағы бағасы 6 млн теңге тұратын медициналық костюмдерді 15 млн ға алмақ болған.
Мемлекеттік қызметшіге туысқандарын жұмысқа алуға жол жоқ. Ақтөбеде мұндай жағдай көп, дейді антикор инспекторлары. Мәселен, облыстық ЖИТС орталығының басшысы қызметтің бабын пайдалана отырып, туған балаларын жұмысқа қабылдаған. Оларға жоғары айлық та тағайындапты. Келген шығын 16,9 млн. теңге. Құрылыс саласында да былық көп. Салынбаған жолдар үшін 7 мердігерге 1,4 млрд теңге аударған. Қандыағаштағы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бір робот шаңсорғышты 13,2 млн. теңгеге алмақ болған. Коррупция өршіп тұрған тағы бір ведомоство- облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. 6000 млн теңге тұратын қорғаныс костюмдерін санитарлар 15 млн теңгеге алмақ болған. Жемқорлық коммуналдық мекемелер арасында да жоқ емес. Мәселен, қалада күл-қоқыс шығарумен айналысатын мекемелердің бірі негізсіз тариф өсіру арқылы 175 абоненттен 42 млн теңге артық ақша жинаған.Количество показов: 394
Дата создания: 21.12.2023 23:59:16