Салюттан абай болыңыз!
Жаңа жылды отшашусыз елестету мүмкін емес. Қаңтар айының алғашқы минуттарында қаламызда аспан түрлі-түске боялып, жарқырайды. Бірақ бұл қауіпті ойын-сауық. Төтенше жағдайды болдырмау және мерекені бұзбау үшін пиротехниканы пайдалану ережелерін сақтаған жөн. Мерекеге арналған мұндай бұйымдарды арнайы лицензиясы бар дүкендерден алған абзал.Сатушының айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға пиротехниканың кез-келген түрі де сатылмайды. Ата-анамен келу шарт. Дүкен бейне бақылау камераларымен қамтылған. Сондықтан заның сақталуы басты назарда, дейді маман. Келген адамға әуелі кеңес беріледі. Пиротехниканы қолданудың өз ережесі бар. Ол да тұтынушыға егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Облысымызда соңғы 4 жылда пиротехникадан зардап шеккендер жоқ. Әйтсе де республика бойынша қайғылы жағдайлар ттіркелген. Сақтықта қорлық жоқ. "Қауіпсіз жаңа жыл" акциясының мақсаты да осы. Тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, ақпарат беру. Пиротехника қолжетімді. Бағасы да қымбат емес. Әйтсе де, отшашу бұйымдары мен өзге де мерекеге арналған жарылғыш заттарды мамандандырылған дүкендерден алған жөн. Өйткені тауардың сертификаты мен лицензиясы бар.
Количество показов: 298
Дата создания: 28.12.2023 00:01:09