Салықтан жалтарғандар тоқтатылды
"Автоқұйын" кешеніндегі компьютерде 12 мыңнан астам ақтөбеліктің тізімі бар. Олардың мемлекетке бережағы 280 миллион теңге. Бүгінгі рейд кезінде бірқатары жол бойынан тоқтатылды. Алдымен борышкерге ескерту беріледі. Ескерту алғаннан кейін 30 күн ішінде азамат қарызынан құтылмаса, материал сот орындаушыға жіберіледі. Сот орындаушы мемлекетке салық өндіру үшін борышкерге түрлі шектеулер қоюға құзырлы. Елден шығуға тиым салынады. Есепшоттары, жеке мүліктері хатталып, оны пайдалануға тиым салынады.
Количество показов: 1279
Дата создания: 13.06.2018 18:51:52