Сақ болыңыз, алаяқ!
Облыс аумағында интернет - алаяқтық өршіп тұр. Қаскүнемдер қулығын жүзеге асыру үшін түрлі айла тәсілдерді ойлап табуда. Банк атынан хабарласып, жеке шотыңызға күдікті операция жасалынып жатыр деп сеніміңізге кіреді. Құпия сандарды білген соң, шотыңыздағы бар ақшаны қалтасына басады. Бұдан бөлек арнайы Anydesk, TeamViewer, Notodes, Rusdesk қосымшасын жүктеуді сұрап, несие рәсімдейді.Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері облыс аумағында 767 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 55 іс аяқталған. Көбінесе алаяқтардың арбауына түсетіндердің қатарында 18 бен 70 жас аралығындағы әйелдер мен 20 мен 81 жас аралығындағы ер адамдар бар. Облыстық ПД облыс тұрғындарын сақ болуға шақырады. Паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеуді ескертеді. Белгісіз адамдарға ақша аудармаңыз. Тауарды сатып алу мен сату кезінде алдын ала төлеуге келіспеңіз.Количество показов: 363
Дата создания: 23.11.2023 01:29:18