Өртенген автобус жүргізушісі болған оқиғаны айтып берді
Бүгін облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Өзбекстан азаматтары тірілей жанып кеткен автобустағы өрт оқиғасы бойынша кезекті сот отырысы өтті. Сотта үш сотталушының біреуі - Қызылорда облысының тұрғыны Барат Таңатовтан жауап алынды. Отырысқа оның туғандары да кіргізілді. Қорғаушысы да бар. Судья сотталушыға құқықтарын түсіндіріп болған соң Барат Таңатов өзіне тағылған барлық айыптарды мойындаған жоқ. Отырыс басталғалы бері алғаш рет оқиғаны баяндаған жүргізуші сол күні өзінің де жолаушы болып, Нижный Новгород қаласына бара жатқанын айтады. Ресейден көлік әкелуге шыққандықтан сөмкесінде қомақты қаржысы да болыпты. Таныстары арқылы осы автобуспен жетіп алғысы келген. Өзі Қызылорда облысындағы "Орда" автобекетінде жұмыс істепті. Өртенген көліктің негізгі жүргізушілері Нұржан Қырғызбаев пен Мақсат Пернебеков өтінген соң ғана оларды ұзақ жолда ауыстырып отырған. Сотталушы дәл от тұтанған сәтте сыртта болғанын, жанып жатқан шетел азаматтарын іштен шығарып алу үшін жанұшыра әйнектерді сындырғанын мәлімдеді.
Өт тұтанған сәтте Барат Таңатов жандарына кеп дөңгелегі бұзылған Краснодар-Шымкент бағытындағы автобус жүргізушілеріне сыртта көмек көрсетіп жатқан. Бұл мәліметтер іс материалында да көрсетілген. Тек Мақсат Пернебеков пен Нұржан Қырғызбаев өрт сөндіру құралын алып, автобусты айнала жүгіргенде ғана көлікке ұмтылған. Қызылорда облысы Қақпақты ауылының тұрғыны Барат Таңатов сол күні салқын болғандықтан автобус жүргізушілері жолаушыларға жылыту баллондарын бергенін жасырмай баяндады. Тіпті Аралдың аумағында 35 градустан төмендегендіктен көліктің жанар-жағар майы қатып, біраз аялдауға тура келіпті. Бірақ, ол қорғаушысына өрттің тұтануына себеп болған жылыту құрылғысын ішке кім алып кіргенін дөп басып айтып бере алмады. Жүргізуші сот алдында өзінің кінәсі жоғын айтып ақталды.
Количество показов: 968
Дата создания: 17.09.2018 18:48:36
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>