Ретсіз қойылған көліктер қар тазартуға кедергі
"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы басталған екі күннен бері жол полициясының барлық құрылымдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Осы аталған уақыт ішінде қаламызда тәртіп бұзған 500-ден астам жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тәртіп бұзған жүргізушілердің қатарында жолдың қарсы бетіне шығып немесе жылдамдықты шамадан тыс асырған жерлестеріміз азаймай отыр. Жалпы жыл басынан бері шаһарымызда кісі өлімімен аяқталған 2 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол-көлік оқиғаларына көп жағдайда жаяу жүргіншілердің өздері де себепкер болуда. Көліктен келетін қауіп-қатерге қарамай көшенің кез-келген жерінен кесіп өтетіндерге тоқтам болмай тұр. Қалың жауған қардан коммуналдық мекемелер де қала көшелерін тазалап үлгермеуде. Бұл мәселе коммуналдық мекемелердің ғана емес, жол полицейлерінің де бас ауруына айналған. Себебі қалада көлігін қалаған жеріне қойып кете баратын жүргізушілер азаймай тұр. Ал бұл өз кезегінде қар тазалайтын арнайы техникалардың жұмысына кедергі келтіреді. |
Количество показов: 2140
Дата создания: 16.01.2013 18:57:04