Партиялық бақылау бекеті рельс-арқалық зауытының құрылысын назарда ұстайды
Облыста саны жағынан тоқсаныншы партиялық бақылау бекеті ашылды. Бекет Ақтөбе рельс-арқалық зауыты құрылыс нысанында орналасқан. Бүгін "Нұр Отан" ХДП АОФ партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Аманжол Тәжіғалиев бақылау бекетін ашып, бекет жетекшісіне бекет күнделігін табыстады. Мемлекеттің қаражаты құйылған құрылысты партиялық бақылау бекетінің қадағалауда ұстауға құқы бар. "Нұр Отан" ХДП төрағасы, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бақылау бекетіне осындай құзыр берілген. Бүгін облыс бойынша тоқсаныншы бекет ашылды. Ол қала сыртында тұрғызылуы тиіс рельс-арқалық зауыты құрылыс нысанында орналасқан. "Көлік технологиялары" ЖШС-не жобаны жүзеге асыру үшін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ы көмектесіп жатыр. Құрылысқа жұмсалып жатқан қаражаттың 20 пайызы осы мемлекеттік мекемеге тиесілі. Бақылау бекетін ашқан "Нұр Отан" ХДП АОФ партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Аманжол Тәжіғалиев бекет жетекшісіне бекет күнделігін табыстады. Күнделікке нысан құрылысының барысы, келіп түскен арыз-шағымдар, тексеру қортындылары тіркеліп отырады. Басты міндет құрылыс жұмыстарына бөлінген қаражаттың мақсатты жаратылуын, жұмыстардың талап пен заңға сай атқарылуын қадағалау. Ал зауыттың құрылысы наурыз айында басталады. Қазір қажетті материалдар жеткізілуде. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енген жоба құны 43 миллиард теңге. 2014-жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Зауыт жылына шойын жолға төселетін 430 мың тонна рельс-арқалық шығарады. Құрылысқа 1400 жұмысшы тартылатын болса, өндіріс орны іске қосылғанда мұнда 395 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. |
Количество показов: 2414
Дата создания: 06.02.2013 19:12:44