Ақтөбеде баспанасы өртеніп кеткен отбасы көмекке зәру. Өрт кезінде дүние-мүлік пен киім-кешекке дейін жанып кеткен. Тілсіз жаудан зардап шеккен әулет қазір 91 жастағы тыл ардагерінің аядай үйінде тұрып жатыр. Василькевичтер отбасының баспанасы бір-ақ сәтте отқа оранды. 1950 жылы салынған екі қабатты ғимараттың электр сымдары ескірген. Өрттің шығуыа да сол себеп. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қорытындысы бар. Онда өрт электр сымының тұйықталуынан болған деп жазылған. Өрт кезінде 74 жастағы үй иесі ұйықтап жатыпты. Үстіндегі көрпесі отқа оранған кезде айқайлап көмек сұрапты. Өздігінен қозғала алмайтын мүгедектің аяғын күйік шалған. Осы сәтте жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан ефрейтор Рысқали Еңсепбаев көк түтінге оранған үйден тұрғындарды алып шығады. Тілсіз жаудан 4 бөлмелі пәтердің сау жері қалмаған. Қызыл жалын жалпы аумағы 56 шаршы метр жерді жалмапты. Өрт 16-сәуір күні кешкі 7-де тұтанған. 73 жастағы Людмила Василькевич сыртқа көйлекшең атып шыққанын айтады, құжаттарынының аман қалғанына шүкіршілік етеді. Людмила Василькевич облыстық ұлттық қауіпсіздік комитетінде 30 жылға жуық дәрігер болып жұмыс істеген. Қайғылы оқиға жайлы естіген әріптестері бұл отбасыға қол ұшын созбақ. Ал отағасы болса спорт саласының ардагері. Өмір бойы балаларды жаттықтырған. Өрт шыққан үйде тұрып жатқандарына 40 жыл болыпты. Қазір мұнда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ресейден зейнеткердің ұлы келіп, пәтерді қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп кеткен.
Өткен ғасырдың 50-жылдары салынған 4 пәтерлі, екі қабатты шағын үйдің электр желілері әбден тозған. Ғимарат та ескі. Мүлікке сақтандыру жасалмаған. Сондықтан да төтенше жағдай болған пәтер иелеріне ешқандай көмек тағайындалмаған.
Количество показов: 1253
Дата создания: 26.04.2018 18:56:53
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>