Ойын алаңын көлік тұрағына айналдырған жүргізушілер айыппұл төлеп құтылады
Көлігін ауладағы балалардың ойын алаңына қаңтарып қойған жүгізушілермен күрес басталды. Жол полициясы басқармасының арнайы мобильді тобы көп қабатты үйлердің аулаларын аралап жүр. Тәртіпті бұзғандарға хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр. Көлігін ауладағы балалар ойнайтын жерге тастап кеткен жүргізушіге жол сақшылары бүгін осындай шара қолданды. "Жигулидің" қожайыны бұл көріністі байқамады ма, әлде жол сақшыларынан жүрексінді ме, төбе көрсете қоймады. Эвакуаторға тиелген көлік айып тұрағына қойылады. "Аялдама және тұрақ" белгісі тұрғанына қарамастан, сол аумаққа көлігін қойып кеткендерге 10386 мен 26 000 теңге көлемінде айыппұл салынады. "Автотұрақ" акциясы басталған екі күннің ішінде полицейлер 5 көлік иесіне айыппұл салып, 35 көлікті айып тұрағына қамаған. Бүгін Сәңкібай батыр даңғылындағы рейд кезінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар қатары тағы екі адаммен толықты. Жол сақшылары тәртіпсіз жүргізушілерге хаттама толтырды. "Автотұрақ" акциясы сондай-ақ, Алға, Қандыағаш және Хромтау қалаларында да өтіп жатыр. Қалалықтардың ортақ пікірі-осыған саяды. Акцияны өткізбес бұрын, атқарушы билік сол көлік тұрақтайтын орындарды ыңғайлы етіп сайласа дейді олар. Ал көпқабатты үйлердің ауласындағы көрініс- баяғысы. Балалар ойнайтын жер тұраққа айналып болған. |
Количество показов: 2326
Дата создания: 13.02.2013 18:59:42