Ойылым менің-ойдағы елім
Ескерткіш басында Шығанақ Берсиев жайлы мағлұматтар айтылды. Жиылғандар шағын концерт тамашалады. Атақты тарышының мүсіні өзі аттас көшеге қойылған. Ойыл ауданының күндері ертең Тұңғыш президент атындағы орталық саябақта жалғасады. Онда мерекелік концерт беріледі. Ал "Табыс" коммуналдық базарында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Одан бөлек танымдық кештер, қайырымдылық акциялары жоспарланған. "Шығанақ бағындырған шың" атты Ақтөбедегі Ойыл ауданының күндеріне әзірленген бағдарлама биыл Астананың 20 жылдығына орайластырылып отыр.
Количество показов: 2731
Дата создания: 13.07.2018 19:01:39