Отбасына зорлық-зомбылық көрсететін адамдар үшін заң қатаймақ.
Енді сот оқшаулаудың жаңа тәртібін жүзеге асыруы мүмкін. Отбасына зорлық көрсетуші уақытша өз үйінен аластатылады. Отбасылық зорлық-зомбылық туралы заңға өзгерістер енгізіліп, мемлекетте ана мен баланы қорғаудың жаңа жүйесі пайда болады. Отбасылық құндылықтарды арттыру үшін заң қатаюы тиіс. Ішкі істер министріліг адам денсаулығына жеңіл зақым келтірілсе де, түрлі дене жарақатын қылмыс деп табуы мүмкін. Тәртіпке бағынбай , отбасы мүшелеріне зорлық көрсетушілер әлеуметтік оңалту орталықтарына тоғытылатын болады. Ол жерде зорлық көрсетуші психологиялық түзету курстарынан өтіп, оның мінезін түзеу үшін арнайы жұмыстар жүргізіледі.Ішкі істер министрілігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Ренат Зулхаиров мұның барлығы өз отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырап келген ана мен баланы қорғау бағытында жүзеге асырылатындығын мәлімдеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға Қылмыстық кодекс баптары бойынша жаза тағайындалады. Тіпті комитет төрағасы болашақта министрліктен арнайы отбасылық зорлық-зомбылық істерімен айналысатын бөлімше ашылатынын жеткізді. Қаладағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегушілерге арналған дағдарыс орталығын өткен жылы 194 адам уақытша паналаған екен. Олардың 130-ы бала, 64-і әйел. Зардап шегушілердің арасында дене жарақатын алған нәзік жандылар да бар. Ең алдымен оларға дәрігерлік көмек көрсетілді. Ал, отбасылық дау-жанжалдың құрбаны болған балалар көбіне психологиялық қолдауға мұқтаж, дейді дағдарыс орталығының директоры Райса Балиева.Количество показов: 297
Дата создания: 08.01.2024 22:18:04