Otau TV Ресейдің бірқатар телеарнасын хабар тарату желісінен алып тастады.
Отау ТВ кабельді операторы бірқатар шетелдік телеканалдарды алып тастауда. Оператордың түсіндіруінше- бұл көңіл-көтеретін контент каналдарын көбейту үшін жасалып отыр. Көрсетілімнен алынып тасталған канал ішінде көпшілік қарайтын «Бірінші канал» да бар. Сонымен қатар «Поехали», «Время», «Дом кино», «Телекафе» сынды каналдар трансляциясын тоқтатқан. Олардың орны көңіл-көтеретін каналдармен толығуда. Телекөрермендердің қалауы қалай болмақ? Көрерменге жаңалықтар ма, әлде ойын-сауық бағдарламалар жақын ба? TVcom – Otau TV абоненттерін спутниктік ТВ және интернетпен қамтамасыз ететін "Қазтелерадио" АҚ серіктесі. Оператордың айтуынша 2024 жылдың 1ші жартысында «Наше новое кино», «Индиийской кино», «Киносерия», «Автоплюс», «КВН тв», «Кухня тв», «ММА тв» сынды каналдарды көгілдір экраннан көрермендер тамашалай алатын болады. Ал телекөрермендердің көпшілігі шетелдік жаңалықтар керек емес десе, бірқатары жаңалық керек болса әлеуметтік желіден де қарап аламыз, теледидар қарауға уақытымыз жоқ, деген пікірде.Количество показов: 274
Дата создания: 04.01.2024 00:53:09