Орынбордан Ақтөбеге
Тұңғыш президент атындағы орталық саябақта "Казачья станица" атты этно көрме, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. Әйгілі Орынбор шарқаты мен Мусихиндер отбасының балына жұрт сағаттап кезекке тұрды. Орынбор облысынан келген 50-ден астам шаруа қожалығы ақтөбеліктерге өз өнімдерін сатты. Ақтөбеліктер дойбы, гір спорты мен самбо бойынша сайыстарды тамашалады. Ашық аспан астында өткен балауызға жазу, қыш-құмыра жасау, киім тоқу сынды шеберлік сағаттарына қатысты. Орынбор облысының Ақтөбедегі күндерінің мақсаты- көршілік қарым-қатынастар мен экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайту.
Количество показов: 1162
Дата создания: 22.05.2018 10:39:55