Орман сақшылары шыршаны рейдке шықты.
Жаңа Жылдың сәні- шырша. Шыршаны таңдауда әр адамның өз талғамы бар. Жасанды шыршаны таңдайтындар да жоқ емес. Қоршаған ортаға залал келтірмеуге септігіңі тиері анық. Ал өсіп тұрған шыршаларды кез-келген жерден кесіп алуға да, белгіленбеген жерде сатуға да тыйым салынған. Оны сату үшін рұқсат қағазы керек. Орман әлемін қорғау және сақтау жұмыстары полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Полиция және орман қорғау органдары қылқан жапырақты алқаптарды, базарлар мен басқа да нүктелерді аралап, заңсыз шырша сатудың алдын алу үшін рейд жүргізеді.Жаңа жылды желеу етіп, қылқан жапырақтыларға балта сілтегендерге шара қатаң. Ағаштарға зақым келтіру не кесу бойынша 160 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал өсімдіктер ерекше қорғалатын аймақта өсетін болса, айыппұл көлемі екі есеге артады немесе 5 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған. Әйтсе де, тұрғындар тірі шыршаны алғанды қалайды. Базарларда сауда қызып тұр. Қазір шырша қаланың 3-4 нүктесінде сатылады. Башкириядан келген шыршалардың құны 4000 -8000 теңге аралығында сатылады. Ұзындыңғына қарай бағасы. Ал жас шырша 1 айдан 2 ай көлемінде кез-келген жерге сән беріп, мерекенің иісін сездіріп тұрады.Количество показов: 366
Дата создания: 19.12.2023 23:05:34