Қорқор тарту денсаулыққа аса зиян
Қорқор- туберкулез, ұшық, сары ауру және өзге де түрлі инфекция тарату көзі. Осылай деп елдің бас санитар-эпидемиолог дәрігері Жандарбек Бекшин қорқор тартудың денсаулыққа аса қауіпті екендігін ескертуде. Зерттеу әзірге Астананың дәмхана, мейрамхана, ойын-сауық орындарында ғана жүргізілді. Ал ақтөбелік санитар-эпидемиологтар тексеруді бастау үшін комитеттің тапсырмасын күтіп отыр. Облыста 761 қоғамдық тамақтану орыны бар. Оның ішіне түнгі клуб, кафе, мейрамханалар да кіреді. Басым көпшілігінде қорқор құралдары бары анық. Сәнді құрал бүгінде адамдарға сыйға да тартылады. Сондықтан кей ақтөбеліктерде өз жеке қорқор құралы бар болуы ғажап емес. Шылымда 0,8 болса, қорқорға бір толтырылған шегу қоспасында 6, 25 мг никотин болады екен. Британия дәрігерлері бір жұтым қорқор түтінін 100 шылым шегумен теңестірген. Никотинге тәуелділікті тудырады. Қорқорды тарту кезінде түтікшені бір-біріне ұсыну дәстүрі бар. Гигиеналық тұрғыдан алғанда 1 түтікшені бірнеше адамның пайдалануы құптарлық жағдай емес. Қорқор тартуды зиянсыз ермек деп санау өз-өзімізді алдаумен тең. Оның сулы сүзгіші түтіннің токсиндерін тазартады деу де жаңсақ пікір. Қорқор сұйығында ауыз қуысының инфекциялық аурулары - гингивиттер, қызыл иек ісігі мен ойық жараларды туындататын бактериялар жиналады. Ал оның тұтанатын көмірі ағзаны көмірқышқыл газымен улайды. Құрамында қанты бар түрлі жемісті-иістендіргіш қоспалары жоғарғы температурадағы химиялық әрекеттену кезінде концерогендер бөледі. Ал ол концерогендер қатерлі ісік тудырушы. |
Количество показов: 2989
Дата создания: 07.02.2013 19:22:32