Облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Облыстық қоғамдық кеңестің төрайымы Тәттігүл Талаева отырыс басталғаннан кімге сөз берерін білмеді. Бұл отырысқа алғашқы болып баяндама жасайтын облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев келмей қалған. Оның орнына келген орынбасарын кеңес жетекшілері мінбеге шығармай тастады. Келесі болып сөз сөйлейтін санитарлық эпидемиялогиялық бақылау департаментінің басшысы да кеңес отырысынан табылмады. Ал, қоғамдық кеңес мүшелерінде бұл басшыларға қоятын сұрақтар өте көп. Бүгінге алдын ала жоспарланған қоғамдық кеңес отырысында талқыланатын мәселелер тізімінде өңірдегі ушыққан экологиялық ахуал, ауылдардағы бруцуллез дертінің өршуі , табиғи қазбаларды пайдалаудың тәртібі сияқты тақырыптар топтастырылыпты. Кеңес мүшелері ауылдардағы жануарлардан жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алуға қазынадан миллиардтап қаражат бөлініп жатыр. Бірақ одан еш нәтиже жоқ , ірі қара шетінен бурцуллезге шалдығып жатыр дейді . Облыстың бас санитар дәрігері келмеген соң, облыстық экология департаменті басшысының орынбасарына кеңес мүшелері өз сауалдарын қарша боратты. Экологтар Көкжиде жер асты суларының әбден ластанып кеткенін айтып отыр. Атқарылған жұмыстардың қатарында бұрынғы қоқыс полигонының жабылуы бар. Бірақ өртенген полигонның көк түтіні қалалықтарды біраз әбігерге салғаны белгілі. Қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі Ферро қорытпа зауытының қоршаған ортаға зияны туралы да кеңес отырысында комиссия мүшелері сауал жолдады. Экология басқармасы басшысының орынбасары зауыттың ескі пештері ауыстырыл жатқанын айтты. Жоспар бойынша Ферро қортытпа зауытының қондырғылары ауыстырылса, қоршаған ортаны ластайтын зиянды қалдықтардың көлемі 4 есеге дейін кемуі мүмкін.Количество показов: 478
Дата создания: 08.11.2023 00:48:07