Облыстық маслихаттың кезекті тыс 9 шы сессиясы өтті.
Бүгін облыстық әкімшілікте облыс мәслихатының кезектен тыс 9-шы сессиясы өтті. Сессияда облыстық аймақтық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау туралы мәселесі қаралды. 5 жыл өкілетті мерзіміне сайланатын комиссия мүшелері 7 партиядан ұсынылды. "Аманат"," Ауыл", "Ақ жол", "Байтақ" жасылдар партиясы, "Қазақстан халық партиясы" мен "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" және "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінен 7 кандидат қызметтерін 2024 жылдың қаңтар айынан бастайтын болады. Олардың қатарында Ақмарал Нұрмағамбетова- сайлаушылдардың құқықтық мәдениетін арттыру, сайлау процесіне қатысушыларды оқыту саласын ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты лауазымға, Асылжан Бүркіталин- мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты, Нұрлыбек Жүсіпов- мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жауапты. Нұржігіт Шыңғыс- IT- сүйемелдеу мәселелеріне жауапты сайлау комиссиясы мүшесі лауазымына сайланды. Радина Көккөзова- сайлау комиссиясының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты. Матебаева Іңкәр- қаржылық сүйемелдеу мәселесіне, Жанна Тоғызбаева- құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты. Ұсынылған 7 кандидаттың барлығы оларға қойылатын біліктілік талаптарына сай келіп, өз жаңа қызметтерін 2024 жылдың қаңтар айында бастайды.Количество показов: 311
Дата создания: 25.12.2023 20:04:29