Облыста қызылша ауруы өршіп тұр.
Статистика бойынша, 4000 - ға жуық адам қызылша ауруымен тіркелген. Зертханалық тексеріс нәтижесінде 1385 науқастың қызылша дертін жұқтырғандығы анықталды. Қызылшамен ауырып жатқандардың көбісі балалар. Оған себеп балалардың 84 % - ы екпе қабылдамаған.Облыс бойынша 4000 - ға жуық тұрғын қызылша инфекциясымен тіркелген. Атап кетер болсақ, басым көпшілігі қала аумағында және Мұғалжар, Ырғыз аудандарында кездесіп отыр. Лабораториялық зерттеу нәтижесінде 1385 науқастың қызылша инфекциясын жұқтырғандығы анықталды. Қызылша инфекциясын жұқтырғандардың көбісі балалар. Әсіресе, 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар мен 1 жасқа дейінгі балалар арасында кездесті.Қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыс бойынша ауруханаларда науқастарға арнап 312 керует жасақталған. Оның 53 - і ересектерге арналса, 248 - і балаларға, сондай - ақ, 11 керует жүкті әйелдерге берілген. Қазіргі таңда облыс бойынша стационарда 208 науқас ем қабылдап жатыр.Айта кетейік, облыс бойынша 4874 адам қызылшаға қарсы екпе қабылдады. Екпе қабылдағандардың 3078 - і бала. Жоспар бойынша, биыл қызылшаға қарсы 30 мың доза вакцина сатып алынды.Количество показов: 384
Дата создания: 29.11.2023 02:16:32