Облыс әкімі Асхат Шахаров "Рика" телеарнасының ұжымымен кездесті.
Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаров қаладағы телеарналардың жұмысымен танысты. Өңір басшысы алдымен ақпарат алаңында 30 жылдық тарихы бар "Рика" телеарнасына соқты.Телеарнаның шығармашылық тобымен жүздескен Асхат Шахаров ұжымның жағдайынан хабардар болып, алдағы жоспарларға да көз жүгіртті.Елімізде медиа саласына, оның ішінде бұқаралық ақпарат көздеріне қолдау біртіндеп көрсетіліп келеді. Облыс әкімі Асхат Шахаров егер, ұсыныс болса, әркез қолдау көрсетілетінін жеткізді. Ол үшін әр тілші ізденімпаз, әрі бәсекеге қабілетті болуы шарт.
Бұдан бөлек облыс әкімі телеарнаның өткен тарихына да шолу жасады. Билік пен халық арасында байланысты нығайтатын бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарына сенім білдіріп, игі тілегін жаудырды. Сондай - ақ, өңір басшысы телекомпания директоры Наталья Бандровскаяға алғыс хат табыстады.
Количество показов: 388
Дата создания: 30.11.2023 01:45:46